ҰҚК ведомстволық бағынысты ұйымдағы жемқорлық фактісін әшкереледі

Сурет: Zakon.kz
ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі бойынша "Резерв" ШЖҚ РМК басшысы Б.Оңайбаевты (Қазақстан Республикасы ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымы) ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық қауіпсіздік агенттігін ұсынған мәлімет бойынша, оның 2022 жылы мамырда кәсіпкердің коммерциялық қызметіне жалпы қамқорлық жасағаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы алуға қатысы бары анықталды.

Қылмыстық істің қатысушысы делдал арқылы беріліп отырған заңсыз ақшалай сыйақыны алу кезінде астыртын әрекет ету шараларын қолдағаны мәлім болды

"2023 жылғы 16 наурызда Сот шешімімен Б.Оңайбаевты мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі бойынша 9 млн теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жазамен сотталды", – делінген Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан хабарламада.

Сондай-ақ Б.Оңайбаев "2-санатты" (подполковник әскери атағына теңестіріледі) қаржы полициясы және экономикалық тергеу органдарының зейнеткері біліктілік сыныбынан айырылды.


Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді