Қазығұрт тұрғыны 40 жасында алғаш рет жеке куәлік алды

Сурет: Zakon.kz
Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне 40 жастағы тұрғын келіп, осы уақытқа дейін өзінің жеке басын анықтайтын төлқұжатын алмағанын айтты.

Осы орайда ер адам тәртіп сақшыларынан құжаттандыру жұмыстарын жүргізуге көмек сұрады. Тұрғынның өтініші бойынша Қазығұрт АПБ-ның көші-қон қызметі тобының полицейлері жедел түрде іске кірісті. Оның жоғалған туу туралы куәлігін қайта қалпына келтіріп, сол арқылы жаңа жеке куәлігін жасау жұмыстарын жүргізді.

Соңында тұрғынның өтініші қанағаттандырылып, жаңа құжат табысталды.


"Мен Қазығұрт ауданында дүниеге келгенмін. Осы уақытқа дейін отбасылық жағдайыма байланысты төлқұжат ала алмадым. Қазіргі таңда қазығұрттық көші-қон қызметі тобының полиция қызметкерлері маған көмек берді. Жеке куәлігімді алуыма себепкер болды. Осы үшін үлкен алғысымды білдіремін, – деді тәртіп сақшыларының атқарған қызметіне көңілі толған Ербол Баратов."

Түркістан облысының полицейлері елдің тыныштығын күзетумен қатар, олардың құжаттарының заңға сәйкес дұрыс болуы бағытындағы жұмыстарды жолға қойған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді