Францияда 108 полицей жараланды

Сурет: pixabay
Францияда Бірінші мамыр шерулері үлкен қақтығысқа ұласып, 108 полицей жараланды. Сонымен қатар 291 адам тұтқындалған.

Мұны елдің ішкі істер министрлігі хабарлап отыр. Бұл жолы да демонстрация тәртіпсіздікке ұласып, көліктер өртелді.

Елде көшелерге 782 мың адам шығып, президенттің зейнетақы реформасына наразылық білдірді. Ол реформаға сәйкес, азаматтардың құрметті демалысқа шығу жасы 62-ден 64-ке дейін көтерілген, деп жазады qazaqstan.tv.

Үкіметтің мәлімдеуінше, бұл өзгеріс қартайып бара жатқан елдің зейнетақы қорын күйреуден қорғау үшін қажет.

Ал халықтың айтарлықтай бөлігі биліктен қаржы үнемдеудің өзге жолын іздеуді талап етіп жатыр. Және де тұрғындар бұл реформаға қарсылықты жалғастыратынын ескерткен.

"Соңғы жаңалықтарды тыңдадым. 10 француздың жетеуі бұл шерулерді қолдап, зейнетақы реформасына қарсылықты тоқтатпақ емес. Әрине мәселе тез шешілмей жатыр. Бірақ бәрі жақсы болады деп ойлаймын." Антуан Эвойе, шеруші

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды