Шымкенттегі қатты желдің салдары: ТЖД ақпарат берді

Сурет: Шымкент қаласы ТЖД
Қазгидрометтің хабарлауынша, Шымкент қаласының аумағында 3-5 мамыр аралығында желдің жылдамдығын күшейюі туралы дауылды ескерту жарияланды. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары тұрғындардың өтініші бойынша қаланы аралады, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 мамырда сағат 13-55 Тұран ауданында қатты желдің (екпіні 12 м/с дейін) салдарынан Темірлан тас жолында 9 қабатты тұрғын үйдің қасбеттік бөлігінің қаптамасының шамамен 6 шаршы метр аумағы жартылай бұзылды. Адамдарға конструкциялардың құлау қаупі болды. ТЖД қызметкерлері қаптаманың бөлігін бекіту бойынша жұмыс істеді. Азаматтарға қауіп жоқ.

4 мамырда сағат 12:20-да Әл-Фараби ауданындағы Қабанбай батыр мен Ерманов көшелерінің қиылысында қатты желдің салдарынан (екпіні 23 м/с дейін) жеңіл автокөлікке ағаш құлады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

ҚР ТЖМ 2021 жылы бұйрығымен бекітілген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар критерийлеріне сәйкес қауіпті метеорологиялық және агрометеорологиялық құбылыстарға 18 м/сек және одан да көп екпінді желдің жылдамдығы жатады.

"Желдің салдары халықтың өмір сүру жағдайларының бұзылуына және шаруашылық объектілерінің, құрылыстардың, көлік инфрақұрылымының жұмыс істеуіне, оның ішінде ғимараттар мен құрылыстардың шатырларының бұзылуына әкеп соқтырса, сонымен қатар адамдар қаза тауып немесе зардап шексе, бұл қауіпті метеорологиялық және агрометеорологиялық құбылыстарға жатады. Азаматтардан барлық сақтық шарасын сақтауды сұраймыз. Жас балаларға мұқият болыңыздар", - деп хабарлады Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.

 

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға басқа өңірге көшу үшін 7 млн теңгеге дейін беріледі

Көлік министрлігіне жаңа функциялар жүктелді

Қазақстанда аптап ыстық пен бұршақ аралас жаңбыр болжанып отыр

ШҚО-да махаббаттан басталған оқиға сотпен аяқталды

Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жапон даласында шырқалмақ