Астанада зорлық-зомбылық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматы ұсталды

Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 22 мамырда Астанада 4 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Германия азаматы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көліктегі полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 1960 жылы туған Германия азаматын ұстады. Ол 2019 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген.

"Қылмыскер Германияның Қылмыстық кодексінің 177-бабында ("Зорлық-зомбылық") көзделген қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған", – деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ол Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Германия
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі