Электронды темекі мен вейптерді ел аумағына заңсыз тасымалдаған ер адам сотталды

Сурет: freepik
Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті электронды темекі мен вейптерді мемлекеттік шекарадан алып өтпек болған екі көлікті ұстаған.

"Жүк салғышты тексеру кезінде рұқсаты және ілеспе құжаты жоқ 50 мыңға жуық вейп табылды. Табылған өнімнің сметалық құны шамамен 50 млн теңге болады".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Сот шешімімен анықталған электронды темекілер мемлекеттік стандартқа сәйкес келмегендіктен жойылуға жатады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамының тізімі жарияланды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Түркістан облысында жол апатынан бір әулеттің бес қызы көз жұмды

Аптап ыстық пен жоғары өрт қаупі: 30 маусымға арналған дауылды ескерту жарияланды