Жетісу тауларында алматылық тиктокер жоғалып кетті

Хабар-ошарсыз кеткен тиктокер Дамир Кушеев Жетісу облысының тауларында іздестіріліп жатыр. Zakon.kz сайтына өңірлік полиция қызметінің хабарлауынша, 36 жастағы жігіт Текелі қаласының маңындағы тауларда жоғалып кеткен.

Дамир Кушеев 7 маусым Қора шатқалындағы Бұрқан бұлақ сарқырамасына спорттық велосипедпен барып, бөгеттің жанында тұрып соңғы эфирге шыққан, жергілікті жердің қорықшысы шай беріп, дәм ауыз тигізген.

"Байланыс үзілгеннен кейін Кушеевтің жұбайы оны табуға көмек сұрап Төтенше жағдайлар департаментіне өтініш білдірген. Арызды Ескелді ауданының полицейлері де тіркеп, жедел іздестіру шараларына кірісті". Жетісу облысы полиция департаменті

Сурет: Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі

Ведомство қазір таулы аймақта полицейлер мен ТЖД-нің қызметкерлері, кинологтар иттерімен оны іздеп жатқанын хабарлады.

Дамир Кушеев көрікті жерлерге велосипедпен баруды ұнатады. TikTok желісінде өзінің жеке парақшасы бар.

Полицейлер ол Ескелді ауданындағы туыстарында қонақта болғанын атап өтті.

"Жоғалып кеткен ер адамның орналасқан жері туралы ақпараты бар кез келген адамға мына телефондар арқылы хабарлауды сұраймыз: 8 747 558 1508, 708 252 2008, 102 либо 112".Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Талдықорған
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: