Талдықорғанда ауаның жоғары ластану деңгейі тіркелді

Сурет: Instagram/taldyqorgan_akimdigi
Синоптиктер таңертең облыс орталығын басқан түтінге қатысты жағдайды түсіндірді. Белгілі болғандай, ауаның ластану деңгейі нормадан бірнеше есе асып түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таңертең Талдықорған тұрғындары бүкіл қаланы қалың түтін басқанын көріп, шошып қалды. Қала тұрғындарының көпшілігі жағымсыз иістен оянған, ал түтін тек сағат 15:00-ге қарай тарады.

"Мен таңғы сағат 7-де жөтеліп ояндым. "Аллергия шығар" деп ойладым, бірақ терезеден түтіннің иісі келе бастады. Жақын маңда өрт болып жатқан шығар деп ойладым. Телефонды қоссам, бүкіл қала түтінге оранғаны туралы көптеген хабарлама келіп түсті", - дейді жергілікті белсенді және блогер Айдос Кертаев.

Бұл жайтқа қатысты Zakon.kz тілшісіне "Қазгидромет" РМК түсініктеме берді. Синоптиктер желдің бағыты өзгергендіктен Абай облысындағы өрттен туындаған қалың түтін Жетісу өңірінің аумағына жеткенін жеткізді.


"2023 жылы 12 маусымда Қазгидромет бекеттерінің деректері бойынша, рұқсат етілген шекті концентрациядан асып кету 1,1 ШРК деңгейінде (шаң), күкіртсутегі бойынша 3,5 ШРК деңгейінде болды" - деп хабарлады "Қазгидромет".

Қалада экстремалды ластану байқалмады.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды