Абай облысының әкімі Бородулиха ауданында болды

Абай облысы әкімі өртті сөндіруге жұмылдырылған күштермен бірге Озерки ауылдық округіне қарасты Каштак және Талица елді мекендеріне іргелес ормандардағы жағдайды зерделеп, өрт сөндірушілердің іс-қимылдарын үйлестіру бойынша жұмыстарды ретке келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстағы орман өртін тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қабылданды. Бұдан кейін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің төрағалығымен кеңес өтті, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Одан әрі Нұрлан Ұранхаев Мемлекет басшысының қаза болған орманшылардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ өрт кезінде зардап шеккендерді қолдау және жедел түрде көмек көрсету туралы тапсырмасын орындау үшін Бородулиха ауданына аттанды.

Сондай-ақ аймақ басшысы Шүлбі аймағындағы, Жерновка, Барышевка, Успен ауылдарындағы жұмыс барысымен танысты. Ауа райының және жел бағытының мерзімді өзгеруіне байланысты барлық тартылған күштерді реттеу және шоғырландыру жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру қажет. Бұл мәселе төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қатысуымен өткен жедел штабта қаралып, ақпарат тыңдалды.

Жалпы, бұрын хабарланғандай, елдімекендерге төнетін барлық қауіп өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекеті нәтижесінде барынша азайтылады.

Абай облысындағы өрт
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: