Петропавлда күл-талқаны шыққан көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді

Сурет: polisia.kz
15 маусымда сағат 04:42 шамасында Петропавл қаласы Сәтпаев көшесінде жол апаты болғандығы туралы телефон хабарламасы келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары BMW 530 автокөлігін тізгіндеген 21 жастағы ер адам рөлге ие бола алмай, ағаш пен бетон плитаға соқтығысып, содан кейін гаражға соғылғанын алдын ала анықтады.

"Автокөлік жүргізушісін жедел жәрдем бригадасы қалалық ауруханаға жеткізді. Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды", делінген хабарламада.

Бұл факт ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін