БҚО-да мас жүргізуші тізгіндеген көлік жол апатына ұшырап, 7 жасар қыз көз жұмды

Сурет: polisia.kz
15 маусымда сағат 09:00 уақыт шамасында Жымпиты-Қаратөбе тас жолының 75-ші шақырымында жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лада-2114 маркалы көлігінің тізгініндегі 40 жастағы жүргізуші мас күйде рөлге отырып, жолда аударылған.

"Жол апаты салдарынан 2016 жылғы қыз бала Сырым ауданының орталық ауруханасына жеткізілді, өкінішке қарай дәрігерлер балақайдың өміріне араша бола алмады. Жүргізуші дәрігерлер қарауынан кейін үйіне жіберілді". БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Олжас Ибрайымов

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Шымкенттің "Ордабасы" клубы Чемпиондар лигасына жолдама алды