Экс-шенеунік жол құрылысына бөлінген млрд теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді

Сурет: Zakon.kz
Целиноград ауданында жол құрылысына бөлінген бір млрд теңгеден астам қаражат ұрланды. Бұл жөнінде Ақмола облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысының арнайы прокурорлары мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен бұрын Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары лауазымында істеген тұлғаны ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Сот санкциясымен ол күзетпен ұстауға алынды.

"Оған жол салуға бөлінген бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде жымқыру фактісіне қатысы бар деп күдік қойылып отыр. Атап айтқанда, нақты жұмыстарды орындамай ол бюджеттен 1 млрд. 244млн. тенге төленген".Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Бұл факт бойынша ҚК 189 бабы 4 бөлігі 2 тармағымен (аса ірі көлемде жысқыру) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Осындай қылмыс жасаған үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.       

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды