Қазақстанда қос азаматтықпен жүрген екі жүзден астам адам анықталды

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қазақастанда жыл басынан бері қос азаматтығы бар 233 адам анықталды. Бұл жөнінде ҚР ҰҚК шекара қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жыл басынан шетелдіктер (Индия, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей азаматтары) мен ҚР азаматтарының жасанды және өзге адамның құжаттарын пайдалануының 150 фактісі әшкереленген.

"Қос азаматтығы бар 233 адам анықталды. Жалпы сомасы 2,5 млрд болатын 300-ден астам заңсыз валюта айналымының алды алынды", – делінген ресми хабарламада.

ҚР ҰҚК бұған қоса қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өткізбек болған 153 әрекеттің жолы кесілгенін мәлім етті.

"Бұл қылмыстар бойынша күдіктілер әрі қарай тексеру үшін ІІМ мен МКД аумақтық бөлімшелеріне тапсырылды".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі 

Одан бөлек, ҚР көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осыған орай ҰҚК Шекара қызметі шекарадан өту мәселесі жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамаларын сақтау қажет екенін ескертті.


Ақмола облысының полицейлері қос азаматтықпен жүрген қыз анықталып, шетелдікке қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 496-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Санкцияға сәйкес, құқық бұзушыға 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе ҚР аумағынан шығарылып жіберіледі.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді