Павлодарда мектептерге бірнеше рет жарылғыш зат "қойған" жасөспірім анықталды

Сурет: pixabay
Павлодарда электронды пошта арқылы оқу орындарына жарылғыш зат қойылғаны туралы бірнеше рет хабарлама жіберген жасөспірім табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың ақпаратына сәйкес, әр жағдай бойынша көрсетілген мекенжайға төтенше жағдайлар қызметі, саперлар мен кинологтар жіберіліп, полицейлер нысандарды қоршауға алған. Алайда еш бір ақпарат расталмаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде хабарлама жіберген адам анықталды. Ол қала мектептерінің бірінің 8-сынып оқушысы болып шықты. Ол мұндай әрекеттерге тек әзіл үшін барғанын мойындаған.

"Қазір оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабының 1-бөлігі – "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізілуде. Бұл баптың санкциясы 5 мың АЕК-ке дейін (17 млн ​​250 мың теңге) айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалау қарастырылған", – делінген хабарламада.

Мұндай қылмыс жасағаны үшін 14 жасқа толған балалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Егер мұндай әрекеттерді кәмелетке толмағандар жасаса, онда келтірілген зиянды өтеу олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жүктеледі.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты