Қостанайда бір күнде екі бала терезеден құлап кетті

Сурет: pexels
Қостанайда бір тәулікте екі бала терезеден құлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде 1 шілдеде Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, 30 маусым күні сағат 12:30-да "101" құтқару қызметіне Қобыланды батыр даңғылының бойындағы үшінші қабаттың терезесінен бір жасар бала құлап кеткені туралы ақпарат келіп түскен. Бала ауыр халде ауруханаға жеткізілді, оның бас сүйегі сынған, миы зақымданған.

Сол күні сағат 20:20-да екі жасар бала Орал көшесіндегі үйлердің бірінің екінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Қазір олар травматологияда жатыр.

ТЖД кішкентай балалардың ата-анасына мұндай жағдайлардың алдын алу үшін сақтық шараларын сақтау ұсынылды: кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз, жиһазды терезеден алыс қойыңыз, терезелерге арнайы ысырмалар қойыңыз.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Екі облыста қар жауып, жол тайғақ болады: 2 қарашаға арналған ауа-райы болжамы

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды