Атырау мұнай өңдеу зауытын электрмен жабдықтау қалпына келді

Сурет: : Facebook/Атырау Нпз
Атырау мұнай өңдеу зауытына электр қуатын беру қалпына келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады. Технологиялық регламенттер мен арнайы нұсқауларға сәйкес пайдаланушы персонал алаңнан тыс нысандарды кезең-кезеңмен іске қосуды және энергия ресурстарын жеткізуді бастады.

Атырау мұнай өңдеу зауытының негізгі және қосалқы нысандарының технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (АТӨЖ) тексеру және реттеу жалғасып жатыр.

Мұнайды терең өңдеу (R2R каталитикалық крекинг) және хош иісті өнімдерді өндіру (CCR және ParamaX каталитикалық риформинг) кешенінің негізгі объектілерін, негізгі және қосалқы жабдықтар мен құбырлар, катализаторлар, технологиялық процестерді басқару жүйелері мен аспаптарын мұқият тексеріліп, дайын болғаннан кейін ғана мүмкін болады.

Жағдай Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығының тұрақты бақылауында.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді