Шығыс Қазақстанда найзағайдың әсерінен болған өрт сөндірілді

Сурет: ШҚО ТЖД
9 шілде күні сағат 15.00-де Күршім ауданындағы таулы жерде найзағайдың тікелей әсерінен құрғақ шөп жанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына автокөлік техникасымен жету мүмкін болмағандықтан, жергілікті атқарушы органдардан, өрт сөндірушілер мен орманшылардан 34 адам жану ошағына жаяу жіберілді.

"Өрт сөндірудің барлық қатысушыларының іс-қимылдары үйлесімділігінің арқасында 10 шілдеде сағат 00.00-де өрт 3 гектар алаңда сөндірілді", - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

Еске сала кетейік, облыстың оңтүстігі мен батысында өрт қауіптілігінің жоғары дәрежесі туралы дауылды ескерту бар. ШҚО ТЖД халыққа ашық отты пайдалану кезінде өте сақ болуға, үйлер мен үй-жайлардың жанында от жағуға, құрғақ шөпті, қамысты өртемеуге кеңес береді.

"Көліктерден сөндірілмеген темекі, шыны ыдыстарды тастамаңыздар. От жағуға болмайды!" - деп ескертті ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек