Оралда тұрғын үйлердің ауласын су басып, қаланың кейбір бөлігі жарықсыз қалды

Сурет: БҚО ТЖД баспасөз қызметі
16 шілдеде толассыз жауған жаңбыр салдарынан Орал қаласындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелері мен жеке тұрғын үйлердің аулалаларын су басты. Қазіргі уақытта БҚО ТЖД жанынан құрылған жедел штаб белсенді жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Орал қаласы мен Бәйтерек ауданындағы Асан ауылы бойынша 23 шақырту түсті, оның ішінде екі әлеуметтік нысан: облыстық көпбейінді балалар ауруханасы және облыстық арнайы мектеп-интернатыда бар. БҚО ТЖД жергілікті атқарушы органдарымен, "Батыс Су Арнасы" ЖШС-мен бірлесіп су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр". БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығына байланысты Орал қаласында 6 434 абонент жарықсыз қалғаны, қазіргі уақытта 1500 абонентке электр қуаты берілгені де нақтыланады.

"Батыс Қазақстан АЭЖК" ЖШС-ның 32 қызметкері қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", делінген хабарламада.


Сурет: БҚО ТЖД баспасөз қызметі


Алдағы үш күн ішінде көп көлемде жауын-шашын және найзағай түседі деп болжанады. Осыған орай БҚО ТЖД облыс тұрғындарын келесі қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

2025-2026 оқу жылы: Оқушылардың білім алу уақыты мен демалыс кезеңі белгілі болды