Қосшыда отқа оранған көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары эвакуацияланды, 10 адам қонақ үйге орналастырылды

Сурет: polisia.kz
Қосшы қаласының полиция бөліміне "Нұрай" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінде өрт болғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Өрт тұрғын үйдің 4-ші қабатын шарпып, оның көрші ғимараттарға таралу қаупі артқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлер өртеніп жатқан пәтерде адамдар қалып кеткенін, олардың үшеуі кәмелетке толмаған балалар екенін айтқан. Олардың баспалдақпен сыртқа шығуға мүмкіндігі болмады, себебі ол толығымен отқа оранған еді.

"Өртенген пәтердегі адамдарды үшінші қабатқа тартылған арқанның көмегімен эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Полиция қызметкерлері мен тұрғындардың жедел әрекетінің арқасында өрттен 3, 10, 11 жастағы кәмелетке толмаған балалар, 18 жастағы қыз, 29 жастағы әйел және 50 жастағы ер адам эвакуацияланды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Оқиға орнында ТЖД-ның жеке құрамы да болғаны нақтыланады.

Өрттің салдарынан зардап шеккендер Астана қалалық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне жіберілді. Қазіргі кезде үш подъездің тұрғындары толықтай эвакуацияланды, 10 адам қонақ үйге орналастырылды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Азия ойындары: 23 қыркүйекте ел намысын кімдер қорғайды