Қарағанды ​​облысында медициналық мекемеден қауіпті қылмыскер қашып кетті

Сурет: Zakon.kz
Ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған ер адам Қарағанды ​​облысындағы медициналық мекемеден қашып кеткен. Оны қазір Қарағанды полициясы гарнизонының жеке құрамы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, полицейлер 18 шілдеге қараған түні медициналық мекемеден қашып кеткен сотталған азаматтың мекенжайын анықтау және ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр.

"Ол 35 жастағы БҚО тумасы, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Оның қашып кету дерегі бойынша Қарағанды полициясы гарнизонының жеке құрамына бағыттама берілді", – делінген хабарламада.

Ол толық денелі, бойы 165 см, шашы қара. Үстінде ақ футболка, қара аяқ киім, қара шалбар, басында қара кепка болған.

Сурет: polisia.kz

Полицейлер қала тұрғындарынан сыйпатталған адамға ұқсас ер адамды көргендер болса 102 номеріне хабарласуды және өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрады.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек