Түркістан облысындағы кішкентай қыздың өлімі: күдіктіге жеңіл жаза тағайындаған судья қызметінен босатылады

Сурет: Zakon.kz
Жоғарғы сот Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызды өлтірген күдіктінің алдыңғы жасаған қылмысына заңсыз үкім шығару фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоғарғы соттың мәліметінше, осы жылдың мамыр айында күдіктіге заңсыз үкім шығарылған.

"Нәтижесінде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе қозғалды". Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

13 шілде күні Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында бес жасар қыз жоғалып кетті. Кешкі тоғыздар шамасында көрші үйдің шатырынан қыздың мәйіті табылды. Күдікті ретінде бұрын сотты болған көршісі ұсталды. Бес жасар қызды зорлап, пышақтап өлтірді деп күдікке ілінген Г. есімді ер адам 2006 жылы кісі өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған болып шықты. Ол 2016 жылы жазасын өтеп болуына байланысты босатылған. 2023 жылдың мамыр айында күдікті денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін тағы сотталған. Ол жәбірленушімен алкогольді сусынды бірге тұтынып, арада туындаған жанжал төбелеске ұласқанда қарсыласының денсаулығына ауыр дәрежелі зиян келтірген.

Шымкент
ҚР Жоғарғы соты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін