Алматыда үш баланың анасы асылып қалды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда қайғылы оқиға жағдай болды. 29 жастағы келіншек үш баласының көзінше асылып өлді. Бұл ақпарат 2023 жылғы 20 шілдеде әлеуметтік желіде тарады. Қазір мегаполис полицейлері осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жас келіншектің суицид жасағанын Алматы қаласының Жібек Әменова есімді тұрғыны жария етті.

"Бүгін менің көршім, үш баланың анасы, жас, сұлу келіншек пәтерінде балаларының көзінше асылып қалды... Үй тұрғындары мен көршілерінің айтуынша, ол тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жиі ұшыраған екен... Мен мұны растай алмаймын. Тергеу анықтайды", – деп жазды ол Facebook-тегі жазбасына екі видеоны қоса тіркеп.

Қалалық полиция департаменті Zakon.kz редакциясына бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабымен ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") тіркелгенін хабарлады.

"Әуезов ауданы полиция басқармасының қызметкерлері 1994 жылы туған Б. есімді азаматша өлімінің себептері мен мән-жайды анықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр". Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ведомство Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер жария етілмейтінін айтты.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан