Арқалықта шенеунік әйел жалған жұмысшылардың атынан жалақы алып келген

Сурет: Zakon.kz
Арқалық қаласында әкімдіктің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бұрынғы басшысы Омарова үш адамды қоғамдық жұмысқа орналастырған болып, жалақысын өзі алып отырған. Мемлекетке 1,4 миллион теңге шығын келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жұмысшылар" күйеуіне тиесілі шаруа қожалығында жұмыс істеген, деп хабарлайды Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Прокуратура істі сотқа жібере отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабының 1-бөлігі (Қызмет бабын асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Тергеу барысында келтірілген залал толық көлемде өтелді.

Арқалық қалалық сотының 18 шілдедегі үкімімен Омарова Қ.А. кінәлі деп танылып, рақымшылық актісі бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі негізгі жазадан босатылды, сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді.
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады