Алматыда әйел адамның басын кесіп алды делінген күдіктінің ісі сотқа жіберілді

Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы сәуір айының ортасында Алматыда белгісіз ер адам сауда нүктелерінің біріне әйелдің басы салынған пакет тастап кеткені туралы хабар тарады. Бүгін, 31 шілде күні қылмыстық істі тергеу аяқталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді.

"Алдын ала тыңдау 2 тамыз сағат 16:00-ге белгіленді", – деп нақтылады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

2023 жылғы 12 сәуірде бір ер адам Алматыда Шолохов көшесінде орналасқан базардағы бутиктердің біріне әйелдің басы салынған сөмке қалдырып кеткен. Қалалық полиция департаменті сол күні әйелдің денесінің қалған бөлігі базар тұрған көшедегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан табылғанын мәлімдеді.

12 күннен кейін Алматыда әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды, ол 1962 жылы туған ер адам болып шықты. Полицейлер ұсталған азаматтың жәбірленушімен бірнеше күнн таныс болғанын, қылмысты жанжал кезінде жасағанын анықтады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді