Павлодарда жас қызға шабуыл жасалды

Сурет: pixabay
Полицейлер бөтеннің үйіне заңсыз кіріп, жас қызды қарумен қорқытқан павлодарлық ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодарда полицейлер қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен облыс орталығының 48 жастағы тұрғынын ұстады, деп мәлімдеді 7 тамызда қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлердің мәлімдеуінше, ер адам Бұқар Жырау көшесіндегі үйге заңсыз кіріп, 2008 жылғы кәмелетке толмаған қызға зорлық-зомбылық көрсетіп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 250 мың теңге қаражатын қолды қылған. Бірақ ол бейнебақылау камерасына түсіп қалғанына мән бермеген.


"Павлодарлық полицейлер қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні "ізін суытпай" ұстады. ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", – делінген хабарламада.

Ұсталған адам УҰИ-ге қамалды. Тергеу жалғасуда.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады