Тараз тұрғыны "ҰҚК қызметкеріне" 16 млн теңге берген

Сурет: Zakon.kz
Таразда алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды. Ол ҰҚК қызметкерінің атын жамылып, жергілікті тұрғынның 16 миллион теңгесін қолды қылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы полиция депратменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Тараз қаласының полицейлеріне қала тұрғыны хабарласып, алаяқтық құрбаны болғанын хабарлаған. Ол 2022-2023 жылдары пәтерін жалға алған азаматқа алданып қалғанын айтқан.

Жалға алушы әйелге өзін ҰҚК қызметкерімін деп таныстырған. Ол ұлын мемлекеттік қызметке алуға көмектесуге уәде беріп,16 миллион теңге сұраған. Біраз уақыттан кейін ғана әйел "ҰҚК қызметкерінің" құқық қорғау органына еш қатысы жоқ екенін сезе бастаған.

"Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері 26 жастағы жұмыссыз облыс орталығының тұрғынын ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық қажет жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Түркістан облысында да осындай оқиға болды: онда ҰҚК-нің жалған қызметкері жергілікті тұрғынның 1,5 миллион теңгесін алып кеткен.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады