Шымкентте екі жігіт төбелесіп, бірі қаза тапты

Сурет: pixabay
Шымкентте екі ер адам арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 тамыз күні кешкі уақытта полицияға Тельман шағын ауданында жергілікті тұрғынның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы барды. 40 жастағы ер адамның мәйітін қарау кезінде әртүрлі дене жарақаттары анықталды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі “Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бойынша тіркеді", – деп мәлімдеді Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлердің анықтауынша, екі ер адамның арасында төбелес шығып, күдікті қарсыласын нокаутқа түсіріп, кетіп қалған.

Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды