Дикий Арманның ісі бойынша адвокаттар сот отырысына жіберілмей жатқаны жөніндегі ақпарат жоққа шығарылды

Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 14 қыркүйекте интернетте Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) қылмыстық ісі бойынша сот процесіне адвокаттардың кіруіне кедергі келтіріліп жатқаны жөнінде ақпарат тарады. Бұл ақпаратты Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық соттың Facebook-тегі парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, процеске қатысушылардың барлығына сот отырысы өтетін орын, мекеменің ғимаратына кіретін жол жөнінде ескертпе жіберілген.

"Кей адамдар сотталушылар әкелінетін қызметтік кіреберіс арқылы өтпек болған. Оларға мекеменің бас бақылау-өткізу пункті арқылы кіру схемасы қосымша түсіндірілді. Ноутбуктарды, планшеттерді және басқа да құрылғыларды пайдалануға тыйым салынбаған, өйткені отырыс ашық режимде өтіп жатыр". Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, тергеу изоляторының аумағында ұялы байланысты пайдалану шектелгендіктен, құрылғыларды пайдалану кезіндегі ақаулар техникалық сипатта болуы мүмкін.

"72-мекеменің ғимараты ерекше қорғалатын нысан болғандықтан, аумаққа кірген кезде жеке басын куәландыратын құжаттар негізінде тексеру жүргізіледі". Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр