Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде мал жаппай қырылып жатыр

Сурет: видеодан скриншот
Жамбыл облысы Талас ауданындағы Майтөбе ауылында мал белгісіз аурудан жаппай қырылып жатыр. Осы ай басталғалы 100-ге жуық қой-қозы қынадай қырылып қалған. Ал арам қатқан ірі қара саны 10-ға жуық. Алайда үш апта бұрын басталған кеселдің диагнозы әлі табылмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК арнасының мәліметінше, Майтөбедегі малшылар бұлай жалғаса берсе, қу таяқ ұстап қалар түріміз бар деп қабыл қағып отыр. Өйткені өріске кеткен тұяқтылар өлексеге, келгені көтерем күйге түсіп жатыр. 

"Білмей сауып ішіп жатқан ел бар. Адам ауырмай ма?! Біз қалай үндемей отырамыз.? Дезинфекция жасамаса, болмайды. Бұл кене арқылы да, шөп арқылы да, су арқылы да келуі мүмкін". Рима Әбдиева

Ауылдағылар аты анықталмаған ауру адамға да жұға ма деп алаңдаулы. Кесел тиген төрт түлік тәуліктеп жем-шөп жемейтін көрінеді. Жатқан жерінен тұрмайды, қызуы төмен түспейді. Бұқара бұған көктем кезіндегі вакцина науқанының немкетті ниетпен жүргізілуі де себеп болуы мүмкін дейді.

"Температурасы 41-ге барады. Егер де білмей қалсаң, өледі. Қолымыздан градусник түспей жатыр". Бақтыбай Есенбаев

Ал аудан билігі бұл сары ауру тектес кеселдің бірі болуы мүмкін дейді. Өлекселер мен олардың азығынан сынама алып Алматыға жөнелткен. Нәтижесі келмейінше, мал дәрігерлерлері диагноз қойып, шешім шығара алмайды.

Жамбыл облысы ветеринария зертханасына жібереміз. Олар теріс деп береді. Қандай диагноз қоярымызды білмей отырмыз. Лептоспироз ауруына күдікті деп беріп жатырмыз. Бірақ нақты емес. Ал референц орталықтың айтуынша, дәрідәрмек салынбасын, сол кезде анықталады деп отыр. Жарқын Қалмаханов, Талас ауданы ветеринария стансасының директоры

Қырылған малдың нақты қанша екені белгісіз. Себебі ресми хаттама жасалмаған. Ал Алматыда қаралып жатқан сараптама қорытындысы бір-екі аптада шығуы тиіс.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты