Астанада биіктен құлаған төрт альпинисттің үшіншісі де көз жұмды

Сурет: pixabay
Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде биіктіктен құлап кеткен төрт альпинисттің үшіншісі де көз жұмды. Бұл туралы Zakon.kz-ға 2023 жылы 16 қазанда Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімет ұсынды.

Ресми хабарламада медициналық қызметкерлердің жүргізген барлық ем-дом кешеніне қарамастан, өкінішке қарай, науқасты құтқару мүмкін болмады делінген.

"1999 жылы 12 қазанда туылған ер адам көптеген ауыр әрі іштей жарақаттарымен №2 көпсалалы қалалық ауруханаға шұғыл түрде жатқызылды, оған барлық қажетті ем-дом, соның ішінде хирургиялық ота жасалды. Осы уақыт аралығында науқас ауыр жағдайда болды". Астана ҚДБ баспасөз қызметі

Басқармадағылар аталған аурухананың жансақтау бөлімінде тағы бір зардап шеккен адамның жатқанын нақтылай кетті. Оның жағдайы өте ауыр деп бағаланады.

2023 жылы 12 қазанда Астанада құрылыс алаңдарының бірінде төрт альпинист биіктіктен құлады. Жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін олардың бірі оқиға орнында көз жұмды, қалғандары шұғыл ауруханаға жеткізілді. 

Кейінірек екінші альпинисттің жан тапсырғаны белгілі болды.

Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігі осы жазатайым оқиғаны тергеу бойынша комиссия құрылғанын мәлімдеді. Оның қорытындысы бойынша жазатайым оқиғаға жол берген себептер мен жауапты тұлғалар анықталатын болады. Тергеу нәтижелері бойынша материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін полиция департаментіне тапсырылады.

Сонымен қатар, аталған нысандағы барлық құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды