Астаналық жігіт дүкеннен 200 мың теңгенің шоколадын ұрлап кеткен

Сурет: pexels
Астана полицейлері дүкенге бірнеше рет ұрлыққа түсті деген күдікпен 26 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тәттіге құмар жігіт дүкеннен жалпы құны 200 мың теңге болатын "Қазақстан" шоколадының бірнеше қорабын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана полиция департаменті баспасөз қызметінің 17 қазанда таратқан ақпаратына сүйенсек, Нұра аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері супермаркеттерге үш рет ұрлыққа түсті деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Тергеу дерегіне сүйенсек, жас жігіт тәттіге ерекше құмар болған, ол алдымен дүкен сөресінен жалпы құны 80 мың теңге болатын "Қазақстан" шоколадының бірнешеуін ұрлап әкеткен, сәл кейінірек сол дүкеннен тағы шоколад ұрлап, 120 теңге шығын келтірген.

Полицейлер күдіктіні сауда орталығынан жалпы құны 106 мың теңге тұратын спорт киімін алып шықпақ болған кезде ұстады. Ұсталғаннан кейін күдікті қылмысын мойындады. Қазір полицейлер ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бейсенбіде еліміздің бірден 14 өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады

Шынар Ақпарова оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстанда 230-дан астам жаңа өнеркәсіптік жоба дайындалды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды