Таразда жел сілкінді

Сурет: wikimedia
26 қазанда Жамбыл облысы аумағында, Алматыдан батысқа қарай 482 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Тараздықтар жерасты дүмпуін сезгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"СТӘЭ" таратқан ақпарат бойынша, сейсмикалық станциялар желісі 26 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 11:38-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі шамамен 5 шақырым тереңдікте Айша-Бибі ауылына жақын жерде болған.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 482 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6, магнитудасы – 4,5", – делінген ТЖМ хабарламасында.

Сейсмологтар жер сілкінісі Қазақстанда сезілмегенін хабарлады. Алайда тараздықтар жерасты дүмпуін сезгенін алға тартты. 

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін