Қостанай облысында зейнеткердің 3 млн теңгеге жуық ақшасын ұрлаған күдікті ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысында 66 жастағы зейнеткер полицияға депозитінен 2 млн 800 мың теңге ұрланғанын айтып, шағымданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, зейнеткер пәтеріндегі су тазарту сүзгілерін ауыстыруды ұйғарған. Сүзгі ауыстыруымен айналысатын екі жігіт оның үйіне бірнеше рет келіп, зейнеткердің жалғыз тұратынын көреді.

"Төлем жасау үшін шебер зейнеткердің телефонына банк қосымшасын орнатуды ұсынды. Зейнеткер сенім артып, жеке куәлігін тапсырған. Ол құжатпен жас жігіт тексеруден өтіп, ақшаны депозиттен таныстарының шоттарына аударған", – делінген полиция таратқан хабарламада.

"Cyber pol" арнайы полиция бөлімшесі 28 жастағы Федоров ауданының тұрғынын ұстады. Осы уақытқа дейін ол ұрланған ақшаға қымбат заттар мен телефон сатып алып, жұмсап үлгерген. Полицейлер оның бұрын алаяқтық әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын айтты.

ҚР ҚК 190-бабы 2-тармағының 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды