Астанада биіктен құлаған өнеркәсіптік альпинистерге жұмыс беруші қамауға алынды

Сурет: freepik
Елордалық полиция департаменті 12 қазанда биіктен құлаған үш өнеркәсіптік альпинистің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс бойынша қаза болғандарға жұмыс берушісі қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, полиция департаменті ҚК-тің 277-бабы 3-бөлігі – "Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Тергеу барысында жұмыс беруші – ЖК басшысының қызметкерлердің қайтыс болуына қатысы бар екенін жөнінде дәлелдер жиналды. Қала прокуратурасының тапсырмасы бойынша тергеу органы ЖК басшысына қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық адамдарды анықталып жатыр.

Қылмыстық істі тергеу барысы қала прокуратурасының бақылауында.

2023 жылы 12 қазанда Астанада құрылыс алаңдарының бірінде төрт альпинист биіктен құлады. Жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін олардың бірі оқиға орнында көз жұмды, қалғандары шұғыл ауруханаға жеткізілді.

Кейінірек екінші альпинисттің жан тапсырғаны белгілі болды. 16 қазан күні ұшінші альпинист те қайтыс болды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Президент Жолдауы: Атырауда ақпараттық-түсіндіру кездесулері басталды

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Дәурен Мұратбеков Жоғары Сот Кеңесіндегі қызметінен босатылды

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды