АҚШ-та қылмыскер төрт туысын пышақтап өлтірді

Сурет: pixabay
АҚШ-та тұрмыстық зорлық-зомбылық күшейіп барады. Нью-Йорктe кеше түнде бір қылмыскер төрт туысын пышақтап өлтірді.

Олардың екеуі 11 және 12 жасар бала. 38 жасар күдікті оқиға орнына жедел жеткен екі полиция қызметкеріне де шабуыл жасап, жарақаттаған.

Сол себепті офицерлердің бірі оны атып өлтірді, - деп хабарлайды жергілікті полиция.

Зардап шеккен тәртіп сақшылары ауруханаға жеткізілген. Ал күдікті бұған дейін отбасына озбырлық көрсеткені үшін тұтқындалған болып шықты, деп жазады qazaqstan.tv.

Жалпы, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы ұлттық коалицияның мәліметі бойынша АҚШ-та жыл сайын 10 миллионға жуық әйел мен ер отбасы мүшелерінен теперіш көреді.

Яғни, әр минут сайын 20-ға жуық адам жақындарының физикалық қысымына тап болады.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады