Абай облысында ер адам құлдықтан босатылды

Сурет: Zakon.kz
Абай облысында ер адам бірнеше апта бойы еңбек құлдығында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға әйел адам хабарсалып, 1973 жылы туған, психикалық ауытқуы бар ағасы жоғалып кеткенін мәлімдеген.

"Ақпаратты тексеру барысында облыстық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ер адамның телефонын алдап алып, өзін Семей қаласынан еңбегін пайдалану мақсатында қаладан 200 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығына алып кеткен екі азаматты ұстады", – делінген хабарламада.

Ер адам үш апта бойы мәжбүрлі түрде үй шаруасына тартылған.

"Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне Қылмыстық кодекстің 128-бабы "Адам саудасы" бойынша  тіркелді", – делінген хабарламада.

Жәбірленуші туыстарына қайтарылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

21 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Қалың қар жауып, бұрқасын жүреді". Еліміз бойынша 22 қазанға арналған ауа райы болжамы

2027 жылдан бастап АӘК беру мөлшері мен шарттары бекітілді

"Қыстың жақындағаны сезіледі": Қазақстанда ауа температурасы -10°C-қа дейін төмендейді