Ақтауда есірткі өткізумен және сақтаумен айналысқан тұрғын бас бостандығынан айырылды

Сурет: Zakon.kz
Тінту жұмыстарын жүргізу барысында күдіктіден және тұрғылықты мекенжайынан 128 грамм марихуана, 160 грамм гашиш табылып, тәркіленді.

Шілде айында Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ұзақ уақыт бойы есірткі заттарын ірі мөлшерде сақтау, өткізумен айналысқан 46 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Тінту жұмыстарын жүргізу барысында күдіктіден және тұрғылықты мекенжайынан 128 грамм марихуана, 160 грамм гашиш табылып, тәркіленді.

Ақтау қалалық соты айыпталушыны ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Соттың шешімімен айыпталушы 6 жылға бас бостандығынан айырылды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты