Шымкентте 100-ге жуық заңсыз ауланған құсты сатумен айналысқан екі азамат ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Заң бұзушыларды табиғатты қорғау тобының инспекторлары жабық базарда сауда жасап тұрған жерінде ұстады.

Түркістаннан келген екі ер адам сатуға шығарған "тауарларын" арнайы торға қамап, өздеріне тиесілі көліктердің жүк салғышына жасырған.

Олардың әрқайсысын 1000 теңгеге бағалаған. Тәртіп сақшылары ол жерден заңсыз ауланған 96 құсты анықтап, ұшырып жіберді.

Ал азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы және 204-бабы бойынша хаттама толтырды.

Айта кетейік, 9-11 желтоқсан аралығында жүргізілген рейд жұмыстары барысында заңсыз аңшылықпен айналысқан тағы 6 тұлға анықталып , азаматтық қару айналымының қағидаларын бұзғаны үшін 172 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты