Кентауда жылу қашан толық қалпына келеді

Сурет: pexels
ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, Кентаудағы жылу электр орталығындағы апаттардан кейін жылу беру қалпына келіп жатыр. Кентауда 21 желтоқсанда температураны қалыпты деңгейге дейін көтеру жоспарланып отыр. Қостанайда 20 желтоқсан күні кешке жылу жүйесіндегі іркіліс қалпына келеді.

Бір күн бұрын Кентауда дауылды желдің салдарынан электр қуатының үзілуі тіркелді. Бұл сәйкесінше жылумен жабдықтаудың кейбір бұзылуына әкелді. Бүгінде электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді.

"Кентау ЖЭО-да үш қазандық жұмыс істейді. Ертең, 21 желтоқсанда 4-қазандық жұмысқа қосылады. Қазір көшедегі температура -4С. Жылу беру 60С нормативімен 56С-қа тең. Бейсенбіде температура 60С-қа жеткізіледі". Энергетика министрлігі

Ал Қостанайда қала әкімінің ақпаратының мәліметінше, бүгінде қалада магистральдық жылу желісіндегі кішігірім іркілісті жөндеу жұмысы істеліп жатыр. Жұмыс бүгін сағат 17.00-ге дейін аяқталады. Әкімдіктің хабарлауынша, бұл жұмыстар қала тұрғындарын жылумен қамтамасыз етуге әсер етпейді.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме