Ақтөбе облысының тас жолдарында бұзылған ауыр жүк көліктері кептеліс туғызды

Сурет: pixabay
Ақтөбе облысындағы Самара – Шымкент және Қарабұтақ – Комсомол тас жолының бірнеше бөлігінде ақауы бар ауыр жүк көліктері қозғалысқа кедергі келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желтоқсанның 28-і күні "Қазавтожол ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, Ақтөбе облысында ауыр жүк көліктерінің техникалық ақауларына байланысты көлік кептелістері туындаған

"Ақтөбе облысы аумағына қарасты "Қарабұтақ-Комсомол" 175 км, "Самара –Шымкент" 901 км, "Самара –Шымкент" 903км, "Самара – Шымкент" 920 км, "Самара – Шымкент" 930 км, "Самара – Шымкент" 934 км учаскелерінде ауыр жүк көліктерінің кептелістері орын алуда", – делінген хабарламада.

Жүргізушілерге осы бағыттар бойынша қозғалыс кезінде қиын жағдайды ескеру керек екені ескертілді.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі талқыланды

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді

"Көктайғақ, тұман, қатты жел". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды