Астанада Жаңа жылға арналған отшашу қай жерде атылады

Сурет: Zakon.kz
Астанадағы Жаңа жылға арналған мерекелік отшашу демеушілер қаржысы есебінен ұйымдастырылады.

Әкімдіктің хабарлауынша, сағат 00:00-де отшашуға дейін Қазақстанның әнұраны шырқалады. Кейін Ботаника бағы пен "Атырау" көпірінің аумағынан, әр орыннан шамамен 1 мың отшашу атылады деп жоспарланған.

Сонымен қатар 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні қаладағы үш жерде мерекелік іс-шаралар өтеді. 31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02.00-ге дейін орталық алаңда, "Қазақ елі" монументі аумағында және ЭКСПО алаңында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін эстрада жұлдыздарының қатысуымен "Жаңа жыл түні" мерекелік концерті өтеді.

Сонымен қатар тұрғын үй алаптарында да жаңажылға арналған мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді