Көкшетау-Астана тас жолында қалып кеткен 200-ден астам адам пойызбен эвакуацияланды

Сурет: "Жолаушылар тасымалы" АҚ
Қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты Көкшетау-Астана тас жолы жабылды. Салдарынан ақтүтек боранда қалып кеткен 200-ден астам адам Ақкөл станциясының тас жолынан елордаға дейін ұлттық тасымалдаушының №6830 пойызымен эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, пойыз бригадасы жолаушыларға қажетті көмек көрсетті.

"Жаңа жыл қарсаңында ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, теміржолдағы пойыз бригадасының барлық қызметкерлері жолаушылар пойыздарының қозғалысын қамтамасыз етіп, жолаушыларды тасымалдау кезінде барлық жайлылық жағдайларын жасайды", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 30 желтоқсанда Астана мен еліміздің 15 өңірінде боран соғып, көктайғақ болады деп болжанады. Сондай-ақ 29 желтоқсанда Астана – Петропавл тас жолының 105-ші шақырымында, "Гелиос" жанар-жағармай құю бекетінің жанында 16 көліктің қатысуымен жаппай жол апаты орын алып, жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапқаны хабарланған.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін