Ақтөбеде топ болып төбелесіп, екі жасөспірім қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде топтық төбелес болды. Екі жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 қаңтар күні түнде полицияға Қызылжар ауылында орналасқан "Алмаз" дүкенінің маңында топтық төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен облыстық прокуратураның басшылығы шықты. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99 бабының 2-бөлігі 1, 9, 14-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды.


"Алдын ала мәліметтер бойынша, 2 қаңтарда Instagram желісінде кәмелетке толмаған А. мен В. арасында жанжал туындап, нәтижесінде кәмелетке толмаған В. А.-ны келесі күні "Алмаз" дүкенінің маңына кездесуге шақырған", - делінген Ақтөбе облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Сағат 23:00 шамасында топтық төбелес кезінде кәмелетке толмаған А. мен С.-ны пышақтап кеткен. Олар ауруханаға жеткізілді. Өкінішке орай, алған жарақаттарынан есін жимай көз жұмды.

Іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалды.

Тергеу барысы облыс прокурорының жеке бақылауына алынды.

Бұған дейін Алматы облысында мектеп оқушылары арасында жаппай төбелес болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды