Шымкент тұрғыны тауық қорасында аса ірі көлемде есірткі сақтаған

Сурет: polisia.kz
46 жастағы ер адам бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған. Жазасын өтеп, бұрынғы әдетіне қайта оралған ол бұл жолы жауапкершіліктен құтыла алмады.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері жергілікті тұрғынның үйінің ауласындағы тауық қорадан есірткі затын тапты.

Онда ер адам арнайы шұңқыр қазып, сол жерге 4 банка марихуана жасырған. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 1,6 келі болды.

Қазір, ұсталған адам уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Қаратау аудандық полиция басқармасы аса ірі көлемдегі есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Полицейлер есірткімен байланысты кез келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты