Жетісу облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты

Сурет: polisia.kz
Жетісу облысында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысты. Көлік жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 ақпанға қараған түні Алматы-Өскемен тас жолының 455 шақырымында Сарқан ауданында жол апаты болды.

"Nissan Terrano жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, DAF XF 105 жүк көлігімен соқтығысты. Жеңіл көліктің 30 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Жолаушы ретінде келе жатқан қыз облыстық ауруханаға түрлі жарақатымен түсті", - делінген Жетісу облысы ПД хабарламасында

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция жүргізушілерден жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды талап етеді. Жол қозғалысы ережелерін елемеу ауыр зардаптарға әкеледі.

Айта кетейік, бұған дейін ақпан айының басында Қызылордада КамАЗ көлігінің соқтығысуы салдарынан 3 адам қаза тапқан еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек