Алматы облысының кейбір елдімекендері жарықсыз қалды – өңір әкімдігінің түсініктемесі

Сурет: pixabay
2024 жылы 14 наурызда шамамен 18-00-ден бастап Алматы қаласы маңындағы елдімекендер мен Алматы облысының кейбір ауылдары жарықсыз қалды. Аталған жайтқа қатысты Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ауа райының нашарлауына байланысты кейбір елдімекендерде электр қуаты жаппай сөніп қалды. Басқарма қалпына келтіру жұмыстарына мониторинг және бақылау жүргізуде. Кейбір аудандар мен Қонаев қаласының әкімдіктерінде кезекшіліктер ұйымдастырылды. Ал "АЖК" АҚ энергия тасымалдаушы ұйымының барлық авариялық-қалпына келтіру бригадалары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта "АЖК"АҚ күшімен авариялық ажыратуларды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр". Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ облыс әкімдігі жағдай бақылауда екенін, елдімекендерге жарық ақырындап беріліп жатқанын жеткізді.

"Жарықтың қалпына келтіру бойынша болжамды уақыт шамамен 3 сағатты құрайды. Оқиға орындарына 123 бірлік техника мен 470 адам жұмылдырылды. Барлық ауданның диспетчерлік қызметтері тәулік бойы жұмыс істейді. Әр диспетчерлік бөлімде жұмысты жедел үйлестіре білу үшін орта есеппен 4-5 диспетчерден қойылды", делінген әкімдік хабарламасында.
Алматы облысы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды