Алматыда не болып жатыр: сноубордшылар жолға шығып, адамдар автобустарды итеруде

Сурет: Zakon.kz
14 наурызда Алматыда қалың қар жауды. Көшеде ірі көлік кептелісі болып, әуежай жұмысын кілт тоқтатты, адамдар жолаушылар автобусын итеруге мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қардың қалың түсуіне байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Жолдарда шиеленісті жағдайлар байқалады. Жедел жәрдем көліктерінің өзіне жүріс қиынға түсуде.


Алматылықтар шығыс айналма жолда кептелісте тұрған автобустарды итеруге мәжбүр. Синоптиктердің болжамы бойынша, 14 наурызда сағат 16:00-ден 15 наурызда сағат 04:00-ге дейін үздіксіз жауған қардың биіктігі 8-10 см болады деп күтіледі. 

Zakon.kz оқырмандары Алматының кейбір аудандары жарықсыз қалғанын жазуда. Редакция әкімдіктен мән-жайды білуге тырысып жатыр. 

Әлеуметтік желіде кейбір алматылықтар қар басқан көшеде сноуборд теуіп жүрген видеосымен де бөлісіп жатыр. 

Бұған дейін Алматыда қатты жел тұрып, ұшқындаған қардың салдарынан 14 наурызда әуежай жұмысын кілт тоқтатқаны хабарланған болатын. Үздіксіз жауған қар салдарынан Алматы жолдарында 11 балдық көлік кептелісі болды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті