Алматының бірнеше ауданы жарықсыз қалды

Сурет: pixabay
14 наурызда Алматының бірнеше ауданында қалың жауған қар мен қатты желге байланысты электр жарығы апатты жағдайда сөндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Zakon.kz сайтына "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ баспасөз қызметі қазір жедел-көшпелі бригада электр энергиясын беруді қалпына келтіру және қолайсыз ауа райының салдарын жою бойынша жұмыстар атқарып жатқанын жеткізді.

"Қаладағы жағдай бақылауда. "АЖК" АҚ ресми сайтынан ағымдағы уақыттағы апатты жағдайларға байланысты электрмен жабдықтау қызметіндегі ақаулар туралы ақпарат алуға болады", - дейді компаниядағылар.

Бұған дейін Алматыда үздіксіз жауған қар мен ақтүтек боранға байланысты әуежай жұмысын уақытша тоқтатқаны хабарланған болатын. Қалада ірі көлік кептелісі орын алып, адамдар жолаушылар автобустарын итеруге мәжбүр болды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

Түркі әлемінің әуені мен Димаштың өнері: Тоқаев Түркияда концерт тамашалады

Астанада екінші әуежай құрылысы басталады