Атырау облысында көлігімен қоса жоғалған екі адам табылды

Сурет: pixabay
25 наурызда Атырау облысының Махамбет ауданында ТЖД күштерімен 1967 және 1983 жылы туған екі адам іздестірілді. Олар таңертең далаға өздерінің жеке көліктерімен шығып кетіп, сол күйі кері оралмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі жергілікті тұрғынның жоғалғаны туралы туыстары бүгін таңертең құзырлы органға хабарлаған.  Адасып кеткендер бір сағаттан кейін табылды.

"Автокөлік елдімекеннен 46 шақырым жерден табылды. Оның балшыққа батып қалғаны белгілі болды.  Олар далаға жоғалған малдарын іздеп шыққанын, алайда бағдардан айырылып, өз бетінше кері орала алмағандарын айтты", делінген ТЖД хабарламасында.

Оларға медициналық көмек қажет болмаған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД-ның 4 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Айта кетсек, бүгін Семейде үй өртеніп, екі адам құтқарылды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді