Алаяқтың құрығына түсіп қалды: Астаналық сирек кездесетін монеталарды арзанға сатып алмақ болған

Сурет: pixabay
ҚР ІІМ 2024 жылдың 3 сәуірінде берген ақпаратына сай, Астана тұрғынына Ресей Федерациясының азаматы құнды монеталарды сатып алу жөнінде өте тиімді ұсыныс жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомстваның мәліметінше, алаяқтың айласына таксист түсіп қалған. Мәселен, тұрақта такси жүргізушісіне қаскүнем тақалып, коллекциялық монеталар салынған пакетті көрсеткен, олардың арасында 1700 жылы шығарылған алтын монеталар да бар деген.

Күдікті тұрғынды монеталардың әлдеқайда қымбат тұратынын айтып, отбасына тез арада ақша керек болғандықтан арзанға сататынына сендірген.

Алаяқтың айласына алданған ер адам оған 1 миллион теңге беріп, орнына 32 дана монетаны алған. Кейінірек жәбірленуші монеталардың жалған екенін біліп, полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Есіл ауданы полиция басқармасының қызметкерлері 31 жастағы Ресей азаматын анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі